Материалдар

Пресс-релиз

29 қыркүйекте облыстық мәслихатта № 18 Ключевой сайлау округінің депутаты Б.Қ.Аманбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының және «НұрОтан» депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өткізілді.


    
Отырысқа мәслихат хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Ауыз сумен жабдықтау көздерінің және нысандарының   жай-күйі және облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы сұрағы қаралынды.


    Күн тәртібі бойынша облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.Б.Бекниязов, «Ақбұлақ» АҚ президенті А.И. Сағиев, Ақтөбе облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Н.А. Беркімбаева хабарлама жасады.

  

    Жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, Елбасының халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында алға қойған басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Аймақта тұщы жер асты су мен минералды су қорларының мөлшері жеткілікті. Жеүсті су қорларының мөлшері - 3 610 млн.м3, жерасты су қорлары - 653 млн.м3.  Жылдық өңдіру көлемі - 41,1 млн.м3, суды тұтыну көлемі - 39,2 млн.м3.
Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету  2002 жылы басталды.
2002 жылы облыс тұрғындарын ауыз сумен қамту 70,2% құраса, қазіргі таңда ауқымды жұмыстардың арқасында бұл көрсеткіш 90,5%-ға жетті (86% орташа республикалық көрсеткішпен салыстырғанда).
Облыста жалпы су құбыры желілерінің ұзындығы 3 114,9 шақырымды құрайды, оның 1 401,7  шақырымы немесе 45% тозған және жөңдеуді қажет етеді.  Соның ішінде Ақтөбе қаласы, Шалқар, Хромтау,Темір аудандарын атап кетуге болады.
Облыста 380 елді-мекен бар, оның 157-сі  ауыз сумен қамтылған, 210 – құдық суды қолданады, 5 - сырттан тасылады.
    Ырғыз ауданы Нұра, Мамыр елді-мекендерін ауыз сумен қамту мақсатында жалпы құны 633,9 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама даярланып, 2016 жылға қаржыландыруға республикалық бюджет комиссиясына ұсынылды.
    Қазіргі таңда барлық қалалық елді-мекендер ауыз сумен 100% қамтылған, ал ауылдық елді-мекендер–72,8%.
    2011-2014 жылдар аралығында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жалпы құны  20,6 млрд. теңгені құрайтын 100 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 53 500 тұрғыны бар 28 елді-мекен ауыз сумен қамтылды.
    2015 жылы «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 3,7 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылуда.
Елді-мекендерді сумен қамтамасыз ете алмаудың басты себебі  анықталынған жерасты су қорларының болмауы.  Алайда, 2012 жылдан бастап жерасты су қорына барлау жұмыстарын жүргізу қарқыны жоғарылады.
2015 жылы жерасты су қоры бойынша 41 елді-мекенде және 2016 жылы 40 елді-мекенде барлау жұмыстары аяқталады. Су қоры бекітілген соң, нысандарды сумен қамту құрылысына жобалық-сметалық құжаттама даярланады және «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруға ұсынылады.

2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Ұлттық Қордан қаржыландыруға 37 жоба ұсынылды. Жалпы құны 11,0 млрд. теңгені құрайды.
Аталған жобалар іске асқан жағдайда 2016 жылы 20 000 адам сапалы сумен қамтамасыз етіледі және ауылдық елді-мекендерді ауыз сумен қамту көрсеткіші 72,8%-дан 80%-ға жетеді.
Жобалар жүзеге асырылған жағдайда 2020 жылы облыс тұрғындары ауыз сумен 100% қамтылады және суқұбыры желілерінің тозуы 12%-ға (45%-дан 33%-дейін) төмендейді.
А.И Сағиевтің баяндамасынан - «Ақбұлақ» АҚ қаланың 400 мыңнан астам халқын және 5 мыңнан астам шаруашылық субъектілерін сумен қамтамасыз етеді. Бүгінде кәсіпорында 111 818 жеке тұлғалар және 5 390 заңды тұлғалар тіркеулі. Су есептегіш құралдарымен 99,26%  қамтылған.
2015 жылы қаланың сумен жабдықталу жүйесін жақсарту мақсатында кәсіпорынның қаржысы есебінен жалпы 802,5 млн теңгеге шаралар жоспарланды, оның ішінде: 133,6 млн теңге «күрделі жөндеу» бабы бойынша. 668,9 млн. теңге инвестициялық бағдарлама бойынша.
Жоспарланған 7500 метр су құбырының 6100 метрі жөнделді. Су құбырының 922,3 км шайылып залалсыздандырылды және 67 дана таза су резервуары қалыпқа келтірілді.
Табиғи монополиялар субъестісі бола тұра және бекітілген тариф шеңберінде қызметтерді атқара отырып, «Ақбұлақ» АҚ бөлінетін инвестицияларды «Энергия үнемдеу және энерго тиімділікті арттыру туралы» ҚР заңына сәйкес ең алдымен инженерлік желілерді қайта жаңғыртуға және сорғы құрылғыларын модернизациялауға бағыттауға мәжбүр.
2013-2015 жылдары аралығында Ақтөбе қаласын сумен жабдықтаудың сапасын арттыру мақсатында «Ақбұлақ» АҚ нысандарында суды тасымалдауды есепке алудың және автоматтандырудың жүйесі енгізілді. Бұл бағдарлама өндірістік процессті дистанциялық бақылау, есепке алу және басқаруды қарастырады. Сонымен қатар, сумен жабдықтау жүйесіндегі іркілістерді анықтап, қажет түзетулерді уақытылы қолдануға жол береді, су ысырабын азайтады және суды үлестіру жүйесінің гидравликалық тәртібін қамтамасыз етеді.
Қазірде бастоғандардың екінші су көтерілімінің 4 сорғы бекеттері, 3 су көтерілімінің 88 бекеттері және диспетчерлік қызмет бойынша жүйені қондырудың жұмыстары аяқталуда. Одан әрі жоспарда бойынша бастоғандардың ұңғымаларына есепке алу және басқару жүйелерін енгізу жоспарланып отыр. Барлық жоспарланған жұмыстар аяқталу үстінде.