Материалдар

Пресс-релиз

18 қыркүйекте облыстық мәслихатта «Нұр Отан» партиясының фракциясымен біріккен №15 Заречный сайлау округінің депутаты Ыбраев А.С. тің төрағалығымен облыстық мәслихаттың  экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Комиссия жұмысына мәслихат хатшысы С.М. Қалдығұлова, облысытық басқармалармен департаменнтерінің басшылары, бизнеспен айналысатын ұйымдардың басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысында шағын және орта бизнестің дамуы және бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау туралы» тақырыбына байланысты  облыстың кәсіпкерлік басқармасының  басшысы Тлегенов Бағжан Нұрұллаұлы баяндама жасады.
Бүгінгі күні Мемлекет басшысы елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударып отырғаны белгілі.
Жыл сайын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы қарқынды өсуде. Бүгінгі таңда, облыста екінші деңгейлі банктердің 23 филиалы жұмыс жасайды, 40-тан астам микрокредиттік ұйымдар, өңірлік технопарк және ӘКК (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жанынан тұрақты түрде облыс аудандарына тегін консультациялық қызметтер, салық және бухгалтерлік есептерді жүргізумен байланысты қызметтерді көрсету үшін тұрақты түрде барып тұратын кәсіпкерлікті қолдаудың Мобильді орталығы (МЦПП) құрылды.
2013 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚО) ашылды, онда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы, «ҚазАгро»  АҚ еншілес кәсіпорындары мен құрылымдық бөлімшелері ісін жаңадан бастаған және бұрыннан әрекет ететін облыс кәсіпкерлеріне консультациялық қызмет көрсететін қаржылық институттар орналасқан. Бүгінде бұл орталықпен  11000-нан астам консультациялық қызмет көрсетілді.
Сондай – ақ, бірыңғай бизнес инфрақұрылымын құру мақсатында а.ж. сәуір айында Ақтөбе қаласында ӨКП жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, мұнда кәсіпкерлерге жеделдетілген мерзімде «бір терезе» қағидасы бойынша келесі рұқсат беру құжаттарын алу қызметі көрсетіледі: монополистерден техникалық шарттар алу, құрылыс объектілерін салуға рұқсат алу, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және т.б. Бүгінге дейін Орталықпен 700-ден астам консультациялық қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қолдау құралдарымен шағын және орта бизнестің, соның ішінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің кең көлемін қамту мақсатында, 2014 жылы облыс аудандарында Кәсіпкерлер палатасының және «Даму» КДҚ-ның Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының өкілдіктері ашылды, мұнда өз бизнесін ашу және дамыту үшін қызметтердің барлық түрі көрсетіледі. Көшпелі семинар-жиналыстар, өз бизнесін бастаушылармен жеке кездесулер ұйымдастырылады. Бүгінде ШОБ-тің түрлі бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау құралдары мен типтік жобалары жете көрсетілген анықтамалық материалдармен облыстың барлық аудандары қамтылған. Бұл ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жолбасшысы іспеттес.
Жаңадан бастаған кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдайлар тудыру үшін облыс аудандарында Бизнес-инкубаторларды құру бойынша жұмыстар басталды, онда олардың істерінің бастапқы кезеңінде жеңілдік негізінде ғимараттар бөлініп, техникалық және консультациялық қызметтер көрсетіледі.
Облыс әкімдігімен ұсыныстарды әзірлеп алға жылжыту мақсатында жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау бойынша мемлекеттік органдар ісін жетілдіру, соның ішінде әкімшілік кедергілерді алып тастау жөнінде облыста 14 Сараптамалық кеңестер жұмыс жасайды.  
Бүгінде облыста кәсіпкерлердің 13 тіркелген қоғамдық бірлестіктері жұмыс жасайды, соның ішінде: облыс әкімдігі жанынан - 6, қала әкімдігі жанынан - 3, Қарғалы және Алға аудандары әкімдіктерінде - бір-бірден, олар жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын экспертизадан өткізеді.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңеспен 2014 жылы кәсіпкерлердің аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерімен сараптама қорытындысы ұсынылған, шағын және орта кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын 59 нормативтік-құқықтық актілер қаралды. Ағымдағы жылдың қантар-тамыз айларында 80-нен астам нормативтік-құқықтық актілер қаралды.    
 «Тракт-2004», «Хромтау - Тазалык», «Али-Жас и К», «Денариус», «Хром-Арт» ЖШС, «Бек» ӨК, «Донская нефтебаза» АҚ, «Хромтау аудандық Орталық ауруханасы» МҚК, Караханян ЖК, А.Сейтимова, Н.Мулдашев, Г.Уразалин, В.Фризина, А.Мусабаева қызметкерлерді тасымалдау, тамақтану қызметі, бензинді жеткізу және т.б.
2015 жылдың I жартыжылдығында «Қазхром» ТҰК» АҚ-на Хромтау қаласының ШОБ субъектілерімен 376,1 млн.теңгенің жұмыстары мен қызметтері   көрсетілді.
Біздің облысымыз «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда.
 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шаралары ШОБ-ке инвестиция тартуға, сонымен қатар олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және алыс-жақын шетелдердің бизнес-қауымдастықтарымен бірге адымдауына көмек береді.
Бүгінде бұл өте маңызды мемлекеттік қолдау түрі деп сеніммен айтуға болады.
2014 жылы өндірісті жаңғырту және жаңа өндірістер ашу, сервистік кәсіпорындар құру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында өңірдің 161 кәсіпкері жалпы сомасы 4 706,7 млн. теңгеге қолдауға ие болды, соның ішінде:
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 1 448,1 млн. теңгеге 116 жеке кәсіпкерлік субъектісі;
- несиені кепілдендіру бойынша 51,0 млн. теңгеге 30 жеке кәсіпкерлік субъектісі;
- 14,0 млн. теңге мемлекеттік грантқа 5 ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
- жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша 193,6 млн. теңгеге 10 жеке кәсіпкерлік субъектісі. Сонымен қатар, Индустриалды аймақты құруға 3,0 млрд. теңге бөлінді.
Жалпы, бүгінгі таңда Бағдарлама бойынша қолдау шараларымен 1000–нан астам қала және аудан кәсіпкерлері қамтылды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру жөнінен облысымыз 3 орынды иеленіп отыр (Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан кейін).
Егер жобалардың салалық бағыттарын алатын болсақ, ең көбі өңдеуші өнеркәсіп – 39%, транспорт және қойма – 7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 5%.
ҚР Үкіметінің 31 наурыздағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бектіту туралы» Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына нақтырақ тоқталатын болсақ, онда әрекет ететін 4 бағытты жетілдіру арқылы қаржылық қолдау құралдарын сақтап қалу және жетілдіру көзделген. Осының нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп саласында өз ісін жүзеге асыратын 10 жеке кәсіпкерлік субъектісі әрекет етуші жобалары бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерлемесін 7%-дан 10%-ға арттыру мүмкіндігіне ие болды.
Несиені кепілдендіру құралына тоқталсақ, бұл кәсіпкерлердің қаржыландыру мәселесінің шешілуінің маңызды құралы болып табылады. Бұл құралды пайдалану арқылы кәсіпкер сұралатын несие сомасын 2 есеге арттыра алады, өйткені оған несиенің сомасының 50 %-ын өз кепілзатымен қамтамасыз етуі қажет.
Мысалға, осы жылдың көрсеткіштерін (кредит сомасы 1,5 млрд. теңгеге 43 жоба)  2014 жылдың қорытынды көрсеткіштерімен (кепіл сомасы 51,0 млн. теңгеге 30 жоба) салыстырсақ, кәсіпкерлер санының күрт артқанын байқауға болады, осы жылдың 8 айының өзінде 43 кәсіпкер мүмкіндік алды, яғни өткен жылмен салыстырғанда мақұлданған өтінімдер саны 1,5 есеге артып отыр.
Жыл басынан бері кредит сомасы 1,5 млрд. теңгеге 43 жоба мақұлданды, соның ішінде:
- Ақтөбе қ. – 32 жоба (74,4%);
- шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде (Кандыагаш, Алга, Ойыл ауданы) - 7 жоба;
- Хромтау моноқаласында – 4 жоба.
 Кепілдендіру бойынша бөлінген (53,0 млн.теңге) қаражат толықтай игерілді. Мемлекеттік қолдаудың аталған түріне жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыс әкімдігімен қосымша қаржы сұрау туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде қосымша 94,4 млн. теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін толық көлемде игеру жоспарлануда.
Атап айту керек, Бағдарлама аясында 2013 жылдан бері ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге жаңашылдығымен ерекшеленетін бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қолдаудың жаңа түрі 3,0 млн.теңгеге инновациялық гранттар ұсынылады.
2013-2014 жылдар аралығында Бағдарламаның 17 қатысушысы 50 млн. теңгенің грантына ие болды.
Ағымдағы жылы Республикалық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінді, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу конкурсы қаржыландыру жоспарына сәйкес қазан айына жоспарланған.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік басқармасы Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағытының жүзеге асырылуы бойынша уәкілетті орган болып  табылады.
2013-2014 жылдары республикалық бюджеттен 1045,0 млн. теңге бөлініп, Бағдарламаның 613 қатысушылары арзандатылған шағын несие алды және 800 астам жұмыс орындары ашылды.
Анықтама:  Бағдарламаның жұзеге асыруынан бастап шағын несие:  2011 ж. - 83 жоба 120,0 млн. тг, 2012 ж. - 145 жоба 264,5 млн. тг, 2013ж. – 339 жоба 535,0 млн. тг, 2014ж. – 308 жоба 509,5 млн. тг.
2015 жылы Бағдарламаның 200 астам қатысушыға 551,7 млн. теңгеге несие беру  жоспарланып отыр.
«Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы арқасында шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері оң даму қарқынын көрсетуде.
Ақтөбе облысы Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2014 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілердің саны 63,9 мың бірлікті құрады, өткен жлмен салыстырғанда 10,2 %-ға жоғары.
Оның ішінде, белсенді жұмыс істеп тұрғандар 39,6 мың бірлік, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,0%- ға жоғары.
Ақтөбе облысында белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының 78,3%-ын (31,0 мың бірлік) – жеке кәсіпкерлер, 11,1%-ын (4,4 мың бірлік) - шаруа (фермерлік) қожалықтары, 10,6%-ын (4,2 мың бірлік) - заңды тұлғалар құрады
- Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 127,7 мың адамды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 103,7 %  көрсетті.
      - Шағын және орта бизнеспен шығарылған тауарлардың көлемі 507,2 млрд. теңгені құрады (91,5%).
- Шағын және орта бизнестен түскен салық түсімдері 124,0 млрд. теңге немесе  2013 жылмен салыстырғанда 7,5 % өсті.
Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында экономикалық өсімнің драйвері ретінде ШОБ-ті дамыту және 2050 жылға қарай оның ІЖӨ-дегі үлесін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.
 Қазақстан Республикасының Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 2014 жылы Ақтөбе облысының ЖӨӨ ШОБ субъектілерінің қосқан үлесі 17,0%-ды құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 3,5%-ға жоғары.
Ағымдағы жылдың 1 тамызына  тіркелген шағын және орта бизнес субъектілердің саны 59,7 мың бірлікті құрады (97,8%). Оның ішінде, жұмыс істеп тұрғандар 51,4 мың бірлік (104,2%), былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға артты.

Осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 114,2 мың адамды құрады (2015ж. 1 тоқсанының жедел ақпараты бойынша 97,2 % ).
Шығарылған өнім көлемі 3 пайызға өсіп, 91,7 млрд. теңгені құрады (2015 ж. 1 тоқсанының жедел ақпараты бойынша).
Келтірілген ақпараттар біздің аймақта бизнесті дамытуға оңтайлы шарттардың құрылғандығын куәләндырады.