Материалдар

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

 

2 қыркүйекте облыстық мәслихатта №19 Байғанин сайлау округінің депутаты Л.Қ. Жазықованың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

 

    Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Нұрқатова, облыстық басқармаларының басшылары қатысты


    Жоспарға сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 16151 адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 56,9% (12054 адам) жұмыссыздар және 13,9% (4097 адам) өнімсіз еңбекпен қамтылған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
    Мемлекеттік қолдау шараларымен - 7072 адам ,оның ішінде:- мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыру-1276 адам (Нұрлы жол, Өңірлерді дамыту, Аумақтарды дамыту, ЖҚЖК 202,БЖК 2020 т.б.). Мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында барлығы 133 жобаны іске асыру жоспарланды. 11320 жұмыс орындары құрылатын болады, соның ішінде 1132 бірлік (10%-дан кем емес) жұмыспен қамту орталықтарының жолдамаларымен жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, аз қамтылғандарды және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін. Әр жоба бойынша бөлінген қаражатқа сәйкес аталған жобаларда құрылатын жұмыс орындары ҚР ДСӘДМ-нің әдістемесі бойынша есептеліп, жасақталды.

    Сонымен қатар, Кешенді жоспарының іске асырылуы шеңберінде жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау (555 адам), мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау (270 адам) және аз қамтылған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамтамасыз ету (400 адам) қарастырылған.
2015 жылдың 1 тамызына белсенді жұмыспен қамту шараларымен 12033 адам (74,5%) қамтылды (соның ішінде жұмыссыздар –50,8%, (4251 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 49,2% (4118 адам), соның ішінде аз қамтылғандар – 5,2% (438 адам)). Соның ішінде:
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында 813 адам (Нұрлы-жол (222 адам жоспар бойынша 274 адам), Агробизнес - 2020 (96 адам жоспар бойынша 312 адам), МҮИИДБ (21 адам), БЖК 2020 (27 адам жоспар бойынша 36 адам), Өңірлерді дамыту (321 адам жоспар бойынша 396 адам), Саламатты Қазақстан (16 адам жоспарда 6 адам), Аумақтарды дамыту (110 адам жоспарда 108 адам).
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы – 1440 адам (бағдарламаның 1-бағыты бойынша - 201 адам, микрокредит – 234 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 464 адам, жастар тәжірибесіне – 491 адам, қайта даярлауға  - 50 адам). Осы мақсатқа РБ - 1 643,7 млн.теңге қаражат бөлінді (2014 жылы – 4 687,6 млн.теңге).
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен соммасы 498,2 млн.теңгеге (2014 жылы - 485,2 млн.теңге) жұмыспен қамту органдарының ықпалымен – 4448 адам (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар), бос жұмыс орындарына 5032 адам жұмысқа орналастырылды, нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру-300 адам.
Ағымдағы жылы ЖҚЖК 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 1643,7 млн.теңге қаражат бөлінді, 2,7 мың адам жалпы қамтуымен (өткен жылдың жалғыстырушылардың есебімен). 1311,9 млн.теңге игерілді немесе 79,8%.
Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы бағдарламасының 1-бағыты  «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 32 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын (17- білім беру, 6 - денсаулық сақтау, 7- мәдениет, 2- дене шынықтыру және спорт) күрделі жөндеу жұмыстарына 635,8 млн.теңге қарастырылды. Жөндеу жұмыстары барысында 355 жұмыс орындары құрылып, соның ішінде Бағдарлама қатысушылары үшін – 183 жұмыс орындары жоспарланды. Есепті кезеңге 578,3 млн.теңге игерілді немесе 91,0%.
Қазіргі уақытта жоспарланған 32 нысанның ішінен жөндеу жұмыстары 29 нысандар бойынша аяқталды, 3 нысан (2- білім беру, 1- дене шынықтыру және спорт) аяқталу сатысында. Құрылған жұмыс орындарына 364 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде жұмыспен қамту Орталықтарының жолдамаларымен 201 адам немесе 55,2%.
Бағдарламаның 2-бағыты аясында 304 бағдарлама қатысушыларына 790,9 млн.теңгеге шағын несие  беру жоспарланды. (120 адамға сомасы 239,1 млн.теңгеге қайтарылған (өтелген) қаражат есебінен). Есепті кезеңде 234 ауыл тұрғындары  457,8 млн.теңге көлемінде шағын несие алды (90 адамға сомасы 178,1 млн.теңгеге қайтарылған қаражат есебінен). Әртүрлі өндіріс салаларында өз ісін кеңейтуге 136 Бағдарлама қатысушысы және өз ісін ашуға 98 Бағдарлама қатысушысы шағын несие алды.
Шағын несие алған бағдарлама қатысушыларымен қосымша 205 жұмыс орындары құрылды, онда жұмыспен қамту орталықтары арқылы 145 адам жұмысқа орналастырылды.
«Бизнес-Навигатор» ЖШС-нің оқыту орталығымен 198 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, жылдық жоспардың 100,0%.
 Аталған бағдарламаның 3-бағыты бойынша оқуды жалғастырушылар есебімен кәсіптік оқумен 505 адам қамтылды (оның ішінде «газ құрылғыларын пайдалану және жөндеу операторы» мамандығы бойынша  жаңа қабылдау 50 адам). 116,3 млн.теңге игерілді немесе 94,6% жылдық жоспар 122,9 млн.теңге.
Ағымдағы жылда кәсіптік даярлауды аяқтаған 451 адам ішінен 233 адам жұмысқа орналастырылыды немесе 51,7% (38 адам дәлелді себептерге байланысты жұмысқа орналастыруды қажет етпейді)
Есепті кезеңге 464  адамға жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етілді, жоспар бойынша 340 адам (жоспардың 136,5%). 61,6 млн.теңге игерілді немесе қаржыландыру жоспарының 100,0%-ы. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендердің орташа айлық жалақысы 49 115 теңгені құрады. Облыстың 292 мекемелері мен кәсіпорындарымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға келісім-шарттар жасалды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 502 адамның ішінен, 353 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды немесе 70,3%-ы.
Жастар іс-тәжірибесіне оқу орындарының 491 жұмыссыз-түлектері жіберілді, жылдық жоспар бойынша 428 адам (жылдық жоспардың 114,7%). 63,5 млн.теңге игерілді, қаржыландыру жоспарының 100,0%-ы.
Облыстың 254 мекемелері мен кәсіпорындарымен жастар тәжірибесін ұйымдастыруға келісім-шарттар жасалды.
Жастар тәжірибесін аяқтаған 536 адамның ішінен 291 адам немесе 54,3% тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  және «Өрлеу» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде азаматтарды ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында облыста 12  жұмылдыру тобы (құрамында 37 адам) құрылды. Жоспарға сәйкес, жұмылдыру топтары облыс аудандарының 137 елді-мекенінде халықпен кездесулер өткізді. Нәтижесінде 1899 адам ЖҚЖК-2020 Бағдарламасы бойынша және 246 адам «Өрлеу» жобасы бойынша қатысуға ниет білдірді.
Қазіргі уақытта шартты ақшалай көмекті (ШАК) енгізуге қатысты әлеуметтік қызметтер мен көмек алушы арасындағы әлеуметтік келісімшарт негізінде  қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Аталған жаңа тәсілдер «Өрлеу» пилоттық жобасына  енгізілді. 2014 жылы пилоттық жоба Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында іске асырылды.
Жоба 2015 жылдың 1 шілдесінен республиканың барлық аймақтарында пилоттық режимде енгізілді.
«Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасының мақсаты – аз қамтылған еңбекке жарамды  отбасылар тек қана жәрдемақы алып қоймай, әлеуметтік бейімделген және кәсіби хабардар болып, әрекетсіз ақшалай көмектен белсенді отбасыға ауысып және асыранды көңіл-күйді барынша азайту.
Біздің облыста 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап «Өрлеу»  жобасына қатысатын  пилоттық өңірлер қатары анықталып, оған: Ақтөбе қаласы, Мәртөк және Мұғалжар аудандары белгіленді.
Мәртөк, Мұғалжар аудандары, Ақтөбе қаласы әкімдіктерімен  қолданыстағы әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне өзгерістер пен толықтырулар енгізіліп,  ағымдағы жылдың  10 маусымында аудандық, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітіліп, әділет органында тіркелді.
    Өңірлік пилоттық жобаларды жүзеге асыру ушін жергілікті бюджеттен барлығы 3800 мың теңге, оның ішінде: Ақтөбе қаласына 500 мың теңге, Мұғалжар ауданына 1300 мың теңге, Мәртөк ауданына 2000 мың теңге, қарастырылды.
2015 жылдың 1тамызына облыс бойынша құрамында  98 адамы бар 20 отбасына 548,1 мың теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалды.  
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламасын нәтижиелі жүзеге асыру қабылдаған шаралар Ақтөбе облысында 2015 жылдың 1-тоқсанынының қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық  деңгейі 5,0%-ды құрауына септігін тигізді (орташа республикалық көрсеткіш – 5,0%).  Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) – 2,6% (орташа республикалық көрсеткіш 4,2%). 2015 жылдың 1 тамызына тіркелген жұмысссыздық деңгейі 0,4 % құрады.
Облыста халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ету бойынша жұмыстар жалғастырылуда.