Материалдар

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған конференция өтті

12 тамызда «Нұр Отан» партиясының ғимаратында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған конференциясы өтті


    Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл толуына орай елімізде мерекелік шаралар өтуде. Осы мереке шеңберінде Ақтөбе облыстық мәслихаты «Нұр Отан» партиясымен бірге конференция ұйымдастырды.
    Конференцияға елімізге танымал - зиялы қоғам қайраткерлері, облысымыздың Құрметті азаматтары, облыстық мәслихаттың бірінші – бесінші шақырылымдарының депутаттары, қала және аудандық мәслихаттардың хатшылары, сайлау комиссияларының төрағалары, сот, прокуратура және әділет органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты.


    Конференция «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арнап түсірген фильмінің көрсетілімімен басталды.
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова конференцияны ашып, кіріспе сөзінде - біздің елімізде маңызды қасиеттер- Қазақстанның көп ұлттылық және ұлтаралық келісімі секілді факторлар  басым екенін және 20 жыл бойы ұстанған Конституциямыз бұл қағиданың тиімді атқарылып жатқанына дәлел екендігіне- тоқталды.

120815bg1
    Сонымен қатар, конференцияда «Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі Заңы» тақырыбында профессор, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2 және 3 шақырылымдарының депутаты– А.Ә.Айталы, профессор, тарих ғылымдарының докторы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында алғашқы сайлаулар өткізу кезеңдерінде Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бірінші төрағасы – Н.А.Абдоллаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері -  І.Н.Аймағамбетов, Қазақстан Республикасының  мәдениет қайраткері, облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы  саяси  кеңестің үйлестіруші  - Е.Ж.Құрманбек  баяндамаларын оқыды.


    Конференцияның қорытындысында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының конституциялық негізінің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлестері және еліміздің қоғамдық – саяси өміріндегі игілікті істері мен белсенділіктері үшін «Қазақстан мәслихаттарына 20 - жыл» мерекелік медалімен және облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен бірқатар қоғам қайраткерлері марапатталды.