Материалдар

Пресс-релиз

4 тамызда облыстық мәслихатта № 18 Ключевой сайлау округінің депутаты Б.Қ. Аманбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссының кеңейтілген отырысы өтті.

 

    Комиссия жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.К. Кемалова, аудандық мәслихаттардың хатшылары, шағын қалалардың әкімдері, облыстық басқармалармен депатраменттердің басшылары және БАҚ өкілдері.

    Отырыста «2020 жылға дейін Ақтөбе агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 1-қарашадағы №158 шешіміне өзгертулер енгізу турал сұрағы және  «Ақтөбе облысының шағын қалаларының 2016-2030 жылдарға арналған Кешенді  даму жоспарлары туралы» сұрақатары бойынша Ақбергенов Жеңісбек Ақбергенұлы -облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы  басшысының орынбасары мәлімет берді.

     Сонымен қатар отырыста «Байғанин ауданы Жарлы теміржол станциясында жекелеген операцияларды орындауға келісім беру туралы» сұрағы бойынша Есжанов Асқар Қуанышұлы – облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы  баяндама жасады.