Материалдар

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселесі жөнінде Б.Ә.Бекназаровтың Ақтөбеліктермен кездесуі өтті

3 тамызда, «Нұр Отан» партиясының ғимаратында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Б.Ә.Бекназаровтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселесі жөнінде Ақтөбеліктермен кездесуі өтті


    Аталған шараға  Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиев, сот, прокуратура, адвокатура қызметкерлері, облыстың құқық қорғау органдарының, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


    Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова кіріспе сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Ә.Бекназаров баяндама жасап, Қазақстан Республикасының дамыған 30 мемлекеттердің қатарына кіруі жөнінде баяндап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда заңның үстем болуын қамтамасыз ету мәселесін көтерді,  сонымен қатар басқа да баяндамалар тыңдалды.


    Отырысқа қатысушылар Елбасы ұсынған, мемлекеттік қызметті, сот жүйесін, құқық қорғау қызметін реформалау, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселелерін және оларды тиімді жүзеге асыру үшін қажетті міндеттерді талқылады.