Материалдар

Кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өткізілді

27 шілдеде, №18  Ключевой сайлау округінен депутат Б.Қ.Аманбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті.


    Сессия жұмысына облыс әкімі А.Б.Мұхамбетов және орынбасарлары, облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.
    Депутаттар «Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №250 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселені қарады. Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева хабарлама жасады.

 


    Депутаттардың қарауына, 2015 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылауға болжамдалған, шығындар тізбесі ұсынылды. Баяндамашыға депутаттардың тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптары алынды және шешім қабылданды.