Материалдар

Пресс-релиз

Ақтөбе облыстық драма театрында медицина қызметкері күніне орай салтанатты шара өтті.


    Салтанатты шараға Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатова, медицинаға еңбегі сіңген қызметкерлер,  денсаулық сақтау және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова құттықтау сөз сөйлеп, мәслихат депутаттары атынан облыстық аурухана ұжымына теледидар тарту етті және мерекеге орай үздік медицина қызметкерлеріне құнды сыйлықтар табыс етілді.