Материалдар

Кәсіптік мереке - Полиция күнімен құттықтау

Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!

    Сіздерді шын жүректен кәсіптік мерекелеріңіз - Полиция күнімен құттықтаймын!

    Сіздердің жұмысыңыз үнемі жоғары кәсіптілікті және жеке қабілетіңізді  талап ететін қауіп-қатермен байланысты.
    Қызметтік борышыңызды атқару кезіндегі адалдығыңыз, қайсарлығыңыз, батылдығыңыз бен батырлығыңыз үшін алғыс білдіремін.
    Сіздерге тәуекелге толы,  қоғамымызға  ең қажет  қызметіңізге сәттілік тілеймін.
    Отбасыларыңызға олардың сабырлығы мен  төзімділігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіремін.


Сіздерге денсаулық,  береке мен бақыт тілеймін!

 

Игі тілекпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы

С.Қалдығұлова