Материалдар

Депутаттар Қобда ауылында өткен, Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты

18 маусым күні, облыстық мәслихаттың депутаттары Қобда ауылында өткен, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.


    Мерекелеу, Әлия ауылындағы Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Салтанатты шараға құрметті қоңақтар Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Парламент Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов, Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты. Сондай-ақ облыстық мәслихаттың 1-5 шақырылымдарының депутаттары шақырылды.