Материалдар

Пресс-релиз

5 маусым күні облыстық мәслихатта депутаттарды құқықтық оқыту өтті

    5 маусым күні облыстық мәслихаттың дептутаттары үшін «Қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  жер  қатынастарын   реттеудегі   жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілеттіктері туралы» тақырыпта құқықтық оқыту өткізілді.
    Аталған мәселе бойынша жер қатынастары басқармасының басшысы Қ.Қ.Сәрсенғалиев хабарлама жасады.
    Қ.Қ.Сәрсенғалиев депутаттарды Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасына жүктелген міндеттер мен жер қатынастарын реттеу барысында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, белгіленген тәртіп бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік функцияларды, өкілеттерді жүзеге асыру жөнінде таныстырды.