Материалдар

Пресс-релиз

Бүгін облыстық мәслихатта, №6 Жанұзақов сайлау округінен депутат Қ.Д.Елубаевтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

    Тұрақты комиссияның жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиев, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, құқық қорғау және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Күн тәртібінде «Ішкі істер органдарының қызметтерінің басым бағыттары мен құқықтық тәртіптің жағдайы туралы» мәселе қаралды.
    Бұл мәселе бойынша облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Қ.С.Жақсығалиев хабарлама жасады.    
    Қ.С.Жақсығалиев облыстағы құқықтық тәртіптің жай-күйі және ішкі істер департаментінің қылмысқа қарсы алдын ала жүргізілетін жұмыстары туралы баяндап және проблемалық мәселелерге тоқталды, сонымен қатар оларды шешу бойынша ұсыныстар берді.

05062015 1bg    Өткен жылдың 4 айы ішінде сотқа дейінгі тергеу тізілімі Кітабына 6338 іс тіркелген, ол соңғы жылға (5593) қарағанда 13,3% артық соның ішінде 5808 қылмыстық іс пен 530 тәртіпсіздік жағдайлары тіркелген.
    Қазіргі таңда 10 мың  адамға шаққандағы қылмыс деңгейі 234 жағдай.
    Аса ауыр қылмыс (13-тен 12-ге -7,7%), орташа ауырқылмыс жағдайлары (4536-дан 3993-ке, -12,0%) және тонау (186-дан 183-ке, -1,6%) азайған.
    Өткізіліп жатқан алдын алу шаралары мүлік ұрлау және тонау жағдайларын азайтты (3596-дан 3359-ға - 6,6%), соның ішінде аса ауыр қылмыс  (46-дан 44-ке дейін -4,3%), пәтер тонау (467-ден 342-ге дейін -26,8%) және қоғамдық орындарда жасалған тәртіпсіздік жағадайлары (2502-ден 2405-ке дейін -3,9%), көшеде жасалған бұзушылықтар (1306-дан 1303-ке дейін, -0,2%), бұрын қылмыстық жазаға тартылған азаматтар арасында (189-дан 32-ге дейін, -83,1%) және топталып жасалған қылмыстар (160-тан 136-ға дейін, -15,0%) қысқарды.
Соңғы 4 ай ішінде, өткен жылға қарағанда, қоғамдық жерлерде жасалынған қылмыс саны  6,8% (44,7%-дан  - 37,9%-ға), соның ішінде көшеде жасалғандары 2,8% (23,4 %-дан  20,6 %-ға дейін) азайды.
    Жалпы облыс аумағында белгіленген 473 патрульдеу бағытының 198 ғана қамтылады, соның ішінде Ақтөбе қаласындағы 329 бағыттың 142-і. Демалыс және мереке күндері көңіл көтеру орындарын тексеру жұмыстарына «Бүркіт» түнгі алдын алу топтарымен бірге Ішкі істер департаментінің аппараты қызметінің жеке құрамы мен автокөліктері қатысады.


    «Нұр Отан» партиясы мен мемлекеттік органдардың қатысуымен жастар көп жиналатын жерлерде «Жеткіншек», «Түнгі қаладағы балалар» және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы басқа да іс-шаралар, 400-ден астам жергілікті рейдтер және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
    Ішкі істер департаментінің бастамасымен, жастардың рейдтік іс-шараларға, сонымен қатар акциялар мен жеңіл құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шараларға және алдын алу жұмыстарына қатысуы жөнінде оннан астам жастар одағымен бірлесіп Меморандумға қол қойылды.
    Депутаттар хабарламашыға сұрақтар қойып, шешуді қажет ететін мәселелерді көтерді.
    Отырыс соңында депутаттар айтқан ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отыра қаулы қабылданды.