Материалдар

Облыстық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясы өтті

27 мамыр күні №5 Берсиев сайлау округінің депутаты В.А. Щегельскидің төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясы өтті.


      Сессия жұмысына облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов, облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпараттар қызметінің өкілдері қатысты.  
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер қаралды:
    «Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасы туралы»  баяндмашы – облысытқ қаржы басқармасының басшысы А.О.Дәулетова


    «2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы» тексеру комиссиясының төрағасы С. Еңсегенұлы.
     «Ақтөбе облысының энергия үнемдеудің 2012-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары туралы,  облыстық мәслихаттың 2013 жылғы    17 сәуірдегі №114 шешімінің орындалу барысы туралы». Баяндамашы- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Б.,Бекниязов
    «Облыстық мәслихаттың өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы» Баяндамашы- өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.К. Аманбаев.
     «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №337 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Баяндамашы табиғи ресурстарды пйдалану басқармасының басшысы  Аккул Н.Б.
    Және тағы басқа мәселелер қаралып, қаралған сұрақтарға байланысты шешімдер қабылданды.