Материалдар

Облыстық мәслихаттың 31 кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Ақтөбеде облыстық мәслихаттың 31 кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде «Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру туралы» мәселесі қаралды.

Сессия барысында облыс әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметіне тағайындауын мәслихат депутаттары толықтай қолдады.
Өз кезегімен, А. Мұхамбетов Ел басымен депутаттарға сенімшілік білдіргендері үшін ризашылығын білдіріп, болашақта өңірді дамыту үшін бар күш жігерін салатынына уәде берді.
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 1972 жылы туған, Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мемлекеттік басқару органдарындағы басшы лауазымдарда мол жұмыс тәжірибесі бар. Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданған.
Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Заманбекұлы Байбеков қатысы.

 

mas05052015 2bg