Материалдар

Пресс-релиз

27 науырызда Ақтөбе облыстық мәслихатта, №17 Алға сайлау округінің депутаты Ғ.М. Латыповтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті 30 шы сессиясы өтті.


Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды; «Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысының даму жағдайы және келешегі туралы» бұл сұрық бойынша құрылыс басқармасының басшысы Қ.Қ.Нұршин баяндама жасады.

«2020 жылға дейін Ақтөбе агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 1 қарашадағы №158 шешімінің орындалу барысы туралы» сұрағы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева  баяндама жасады.


Сонымен қатар, сессия барысында депуттаттар «Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы» және «Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі» туралы баяндамалырын тындады.