Материалдар

Пресс-релиз

24 ақпанда облыстық мәслихатта №18 Ключевой сайлау округінің депутаты Б.Қ. Аманбаевтың төрағалығымен өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

 

    Отырыс жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Н. Исқалиев және облыстық басқармалары мен Ақтөбе қаласы мекемелерінің бөлім басшылары қатысты.


Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
    •    Ақтөбе қаласының әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы.
    •    Ақтөбе қаласы бойынша 2015 жылы субсидиялауға жататын, әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар тізбесін бекіту туралы.
    Осы сұрақтар бойынша  Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.С.Алдияров баяндама жасады.
    Депутаттардан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, комиссия барысында ұсыныстар еңгізілді.