Материалдар

Пресс-релиз

16 ақпанда облыстық мәслихатта Заречный сайлау округінің депутаты А.С. Ыбраевтың төрағалығымен экономика, қаржы және бюджетжөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.


Отырыс жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова және облыстық басқармаларының басшылары қатысты.

 


Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
    • «Облыстың қаржы басқармасының бюджетті атқару саласында мемлекеттің саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және мүлікті басқару бойынша жұмысы туралы». Бұл сұрақ бойынша  облыстың қаржы басқармасының басшысы А.Дәулетова хабарлама жасады.
    • «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 16 қаңтардағы №96 «Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
    • «Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының бақылау шараларының қорытындылары туралы». 2-3 сұрақтары бойынша С.Орынбаев – Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі хабарлама жасады.