Материалдар

Пресс-релиз

13 ақпанда облыстық мәслихатта № 5 Берсиев сайлау округінің депутаты В.А. Щегельскийдің  төрағалығымен  өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.


Отырыс жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова және облыстық басқармаларының басшылары қатысты.



Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17-сәуірдегі №114 «Ақтөбе облысының энергия үнемдеудің 2012-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары туралы» шешімінің орындалу барысы туралы». Бұл сұрақ бойынша облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Құрманалин баяндама жасады.  Және «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 1-қарашадағы  №158 «2020 жылға дейін Ақтөбе агломерациясын дамыту жөніндегі Іс-шаралар жоспары  туралы» шешімінің орындалу барысы туралы». Бұл сұрақ бойынша облыстың экономика  және бюджеттік жоспарлау басқармасы  басшысының орынбасары Ж.Ақбергенов  баяндама жасады.