Материалдар

«Нұр Отан» депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті

9 ақпанда, облыстық мәслихатта, Жанұзақов сайлау округінің депутаты Қ.Д. Елубаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясы мен «Нұр Отан» депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті

     Комиссия жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М. Қалдығұлова, облыстық әкім орынбасары М.С. Жұмағазиев, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.


      Күн тәртібінде «2014 жылы және 2015 жылдың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің жұмыстарының қорытындылары туралы» сұрағы талқыланды. Бұл сұрақ бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті  басшысының орынбасары Б.М.Сыздықов баяндама жасады.