Материалдар

Пресс-релиз

     2015 жылдың 6 ақпанында сағ. 11.00 ҚХА жылы Туын көтерудің салтанатты рәсімі барлық өңірлерде синхрон - акцияның салтанатты бастауы өтеді.
     Біздің облыста 2015 жылдың 6 ақпанында  сағат 10.00-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының аланында және барлық аудан орталықтарында Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы Жалауын  көтеруінің салтанаты өткізілді.
    Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының синхрон акциясының салтанатты ашылуымен  облыс әкімі А.Мұхамбетов  барлық облыс тұрғындарын  атаулы күнмен құттықтап, Қазақстан Республикасы Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының ашылуына арналған құттықтау сөзін оқып берді.


      Құттықтаудан кейін облыс әкімі және Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық  бірлестігі Ақтөбе филиалының төрағасы К.В.Цхай  Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының Жалауын көтерді.
      Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының Жалауын көтеру салтанаты театрландырылған көрініс, флеш-моб ұйымдастырылып, ҚХА эмблемаларымен әуе және гелий шарларын ұшырумен аяқталады.


     Әрі қарай салтанатты іс-шара «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының  залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы және Қазақстан республикасы Конституциясының 20-жылдығын ұйымдастыру және өткізу шараларының ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар бағдарламасына сай ҚХА - 20 жақсы іс» эстафетасы мен  әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен жобаларды  бастауға старт беріп, бекітілген республикалық байқаулар келесі бағыттарда өтетінін хабарлады.  
      Мәдени шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәслихат депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар, ғылым және мәдениет белсенділері,  этномәдени бірлестіктердің басшылары, жастар  және мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.