Материалдар

Баспасөз хабарламасы

1904192019 жылғы 19 сәуірінде, №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Рамазанқызы Сүйінтаева хабарлама жасады. Ол облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы – 4 120 336,0 мың теңге. Облыстық бюджетті нақтылауына республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің (кредиттердің) тізімі– 17 701 368,0 мың теңгені құрайды.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы қабылдады.