Материалдар

Құрметті Ақтөбеліктер!

9mayaСіздерді Ұлы Жеңіс Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың нышаны. Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен қасиетті, мәртебесі биік мереке.
Ұлы Жеңіс жолында батырлық пен қайсарлық танытқан ардагерлерімізге, бүгінгі бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да осы Ұлы Жеңістің жемісі.
Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз.
Мерейлі мереке күні, Сіздерге зор денсаулық, шаңырағыңызға шаттық, береке-бірлік тілеймін!
Әрқашанда аспанымыз ашық болып, егеменді еліміздің тыныштығы бұзылмасын!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова