Материалдар

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комисссиясының отырысы 2019 жылғы 16 сәуірде сағат 16.00-де облыстық мәслихаттың мәжіліс залында (екінші қабат, 201 бөлме) өтеді:

Күн тәртібі:

1. Ақтөбе қаласында және облыс аудандарындағы автомобиль жолдары, суағарлар мен нөсерлік кәріздердің жағдайы және жөндеу мен күтіп-ұстау бойынша шаралар туралы.

Хабарламашы: І.С.Испанов – Ақтөбе қаласының әкімі
А.Қ.Османғалиев – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

2. Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы.
А.Қ.Османғалиев – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

3. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.Ж.Иманалин - құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

4. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №338 «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
А.Қ.Османғалиев – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Облыстық

мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова