Материалдар

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі

280319Бүгін 34 азаматтық қоғам мүшесінен тұратын Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Б.Ә.Баймағамбетов сайланды. Сонымен қатар отырыс барысында 5 комиссияның төрағалары сайланды, олар: Е.А.Құрманғазин - бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөнінде, А.А.Садықов - құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде, Е.К.Еспағамбетов -экология, табиғатты пайдалану, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы жұмыс жөнінде, Б.Қ.Қалмағамбетов - әлеуметтік-мәдени даму жөнінде, С.Ж.Барышев - заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөнінде.