Материалдар

Баспасөз хабарламасы

0801192019 жылдың 4 қаңтарында Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түлектерінің І «Самғау» Форумы өтеді.
Қазақстандағы және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын әр жылдағы 200-ден астам түлек қатысады деп күтілуде.
Кездесу Елбасы жариялаған «Жастар жылы» және
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетіні белгілі.
Мұндай форум алғаш рет өткізілуде, Ақтөбе қаласының әкімдігі қолдау көрсетеді. Кеңеске Испанов И.С., Қалдығұлова С.М., сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес Білім беру ұйымы төрайымының орынбасарлары қатысады.

 

Форумға 30-дан астамкомпаниялар кіреді, олар «Казхром», «СНПС-Актобемунайгаз», «Дастан Групп», «Айс-Плюс», «АРБЗ», «Нектар», «ДАРУ», «Айгерим», «Евразия»медициналық клиникалары, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, М.Оспанов атындағы БҚММУ, «Ақтөбе қаласының сал ауруларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі.
Форумның мақсаты түлектер мен мектептер арасындағы белсенді қарым-қатынасқатарту, курстастармен, достармен және әріптестермен кездесу, бейресми тілдесу мен нетворкинг болып табылады. Шараның форматы аудиторияға заманауи экономика және кәсіпкерліктің дамуы жайлы, ғылым мен білімнің маңызды мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Көптеген кәсіби мамандар бірлестігі қызықты сараптамалық пікір алмасуға, жаңа бастамалар мен жобалардың пайда болуына серпін береді.