Материалдар

Құрметті ақтөбеліктер!

011218Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні -мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - ата-бабаларымыздың арманын асқақтатқан, елімізді Тәуелсіздікке, халқымызды бақытты күндерге жетелеген Ұлт Көшбасшысы - Президент күні болып тарихымызға енді.
Елбасымыздың басшылығымен біз бүгін экономикасы тұрақты және кемел болашаққа ұлы мақсаттарымен, арнайы жоспарларымен нық қадам басқан әлеуеті зор мықты да қуатты мемлекетте өмір сүрудеміз.
Әрқашан бірлігіміз бекем, ынтымағымыз бір, ісіміз оң болсын! Бейбітшілігіміз нығайып, Тәуелсіз мемлекетіміз өркендеп, дами берсін!
Еліміздің айтулы мерекесінде Сіздерге және жақындарыңызға баянды ұзақ ғұмыр, қуаныш, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!

Игі тілекпен,

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова