Материалдар

«ЖАС БАРЫС» атты бірінші облыстық жастар форумы

021118kazБүгін Ақтөбеде «ЖАС БАРЫС» атты бірінші облыстық жастар форумы өткізілді.
Шараға Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, ауыл жастары, колледждер мен университет студенттері, мектеп оқушылары, жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, мәдениет және спорт саласындағы мамандар, барлығы 1200-ден астам адам қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау. Сондай-ақ жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, олардың ізгілікті әрі рухани дамуы, еңбек, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.


Форумның құрметті қонақтары: Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаев, облыстық мәслихаттың депутаттары, еңбек ардагерлері, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары болды.