Материалдар

Мұғалжар ауданында тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті

Бүгін Мұғалжар ауданында Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Қалдығұлова бастаған облыстық мәслихаттың депуттары мен Қоғамдық кеңес тұрақты комиссияның отырысын өткізді. Облыстан келген делегаттарды аудан әкімі Ербол Данағұлов бастаған топ күтіп алып, аудандық ішкі істер бөлімінің бүгінгі тыныс тіршілігімен таныстырды.


Сонымен қатар облыстық мәслихаттың депутаттары мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Жамбыл көшесінде бой көтерген «Бақытты бала» скверінде, Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінде, аудандық ішкі істер бөліміне қарасты «Достық» ауданы №14 үйде орналасқан учаскелік пунктіне барды.