Материалдар

Ақтөбе облысы бойынша білім беру саласы қызметкерлеріне арналған тамыз кеңесіне пресс ақпарат

270818-22018 жылдың 25 тамызы күні сағат 10.00-де «Өнер» орталығында Ақтөбе облысының педагогикалық қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.


Кеңестің пленарлық отырысына облыс әкімі, облыстық мәслихатының хатшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің басшысы, облыс прокуроры, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің бастығы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің басшысы, Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, басқарма басшылары, аудандар мен қала әкімдері, әкімдердің орынбасарлары, депутаттар, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» ҰБАО филиалы, Педагогикалық шеберлік орталығы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорлары, білім саласының ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес қатысушыларының жалпы саны – 1200 адам.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, облыстың үздік педагогтары мен облыстық «Үздік білім беру ұйымы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Мирлан Бекежанұлы Мухамбетов сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының м.а. Кукембаева Джанат Керейқызы облыс педагогтарын құттықтап, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан облыстың үздік педагогтарын марапаттады.
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білікті кадрлар даярлаудың жаңа форматы: тенденциясы және даму болашағы», «Дарынды балалар – ұлт игілігі», «Цифрлық сауаттандыру – мүмкіндіктер матрицасы», «Бақытты бала жобасы» тақырыптарында Ақтөбе облысының білім беру жүйесінің жетістіктеріне арналған көрме- презентациясы ұйымдастырылды.
Пленарлық отырыста облыстық білім басқармасының басшысы Уразбаева Лаззат Аманжолқызы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» баяндамасымен сөз сөйлеп, оқу жылының қорытындысы мен білім саласының даму болашағы туралы баяндады. Негізгі баяндаманы талқылау барысында Мұғалжар ауданының әкімі Данагұлов Ербол Жеткергенұлы «Мұғалжар ауданындағы білім беру саясатының басым бағыттарын жүзеге асыру», Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының жаңартылған білім мазмұны бойынша дәріс беретін бастауыш класс мұғалімі Михайлова Татьяна Васильевна «Жаңартылған білім беру жағдайындағы табысты баланы оқытудың негізгі факторлары», №21 орта мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Дугаев Ерболат Маратұлы «Оқу-тәрбие үрдісінде IT класын пайдалану», Хромтау ауданы №4 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Кадралина Гаухар Саматқызы "Ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың тиімді тәсілдері", Platonus жауапкершілігі шектеулі серіктестігі консалтинг бөлімінің бас маманы Мұқанов Талғат Дулатұлы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында Platonus автоматтандырылған ақпаратты жүйесін енгізу» тақырыптарында сөз сөйледі.
Жалпы алғанда облыс бойынша тамыз кеңесі аясында 144 педагог және 3 білім беру ұйымы марапатталды.
Кеңес соңында жоғары оқу орындарын «Серпін - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аяқтаған 60 жас маман педагогтер қатарына қабылданатын болады.