Материалдар

Баспасөз хабарламасы

1308182018 жылғы 13 тамызда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады.
Ол облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылған шығындар тізімін ұсынды. Шығындар жалпы сомасы – 2 803 053,7 мың теңге, соның ішінде:
• Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 1 021 500,0 мың теңге (облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді бірлесіп қаржыландыру – 513 900,0 мың теңге, Ақтөбе қаласының жолдарын дамыту – 350 000,0 мың теңге, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй кешеніндегі автокөлік жолдарының құрылысын жалғастыру );
• Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 719 214,0 мың теңге (жыл бойы балаларды оқытатын «Әсем» лагерінің құрылысын жалғастыру-138 000,0 мың теңге, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябықты кеңейту – 100 000,0 мың теңге, 8 мектептің құрылысын бірлесе қаржыландыру және жалғастыру-181 783,0 мың теңге, №29 ОМ қосымша ғимарат құрылысын аяқтау- 40 000,0 мың теңге);
• Кәсіпкерлік басқармасы –242 000,0 мың теңге («БЖК 2020»бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау-180 000,0 мың теңге);
• Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – 187 895,0 мың теңге;
• Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы – 108 018,0 мың теңге;
• Білім басқармасы – 96 396,0 мың теңге және басқалары.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Дәл осы күні, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Депутаттар Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы мәселені қарастырды.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.
***
2018 жылғы 13 тамызда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«Ақтөбе қаласының бірқатар коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемелеріне атау беру бойынша ұсыныстар енгізу туралы» мәселесі бойынша тілдерді дамыту басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Маржан Алғабекқызы Жанасова баяндама жасады. Оның айтуынша, Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін орта мектептері ұжымдары ұсынған құжаттары негізінде «№ 62 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімін, № 63 ЖБОМ - Міржақып Дулатовтың есімін, № 64 ЖБОМ - Ұзақбай Құлымбетовтың есімін, № 66 ЖБОМ - Шәкәрім Құдайбердіұлының есімін, № 68 ЖБОМ - Жұмабек Тәшеновтың есімін беру туралы ұсыныстар енгізіледі.
Атау берудегі негізгі мақсат жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, рухани және моральдық құндылықтарды, азаматтық көзқарасты қалыптастыру, жас ұрпақтың тарихи мәдениетін көтеру болып табылады.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.

***
2018 жылғы 13 тамызда «Депутаттарды құқықтық оқыту» өтті.
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы» мәселесімен білім басқармасының басшысы Ляззат Аманжолқызы Уразбаева хабарлама жасады. Оның айтуынша, облыста 3-6 жастағы бала саны 56481, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылғаны - 54222, 96%-ды құрайды. Бірінші жартыжылдықта облыс бойынша 1636 орынға 21 балабақша іске қосылды. 2018 жылдың соңына дейін 3000-нан астам орынға арналған 25 жеке балабақша ашылу жоспарлануда. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың соңына дейін орындалады.
2017-2018 оқу жылында 410 мектепте жаңартылған білім беру мазмұнымен 1, 2, 5, 7-сыныптардағы 57821 қамтылды. Жаңа бағдарлама бойынша 4616 мұғалім оқытылды.
Мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа балл +3,2-ге өсіп, 85,6 баллды құрады. Жалпы білім беру бағдарламаларын жақсы игерген оқушылардың үлесі - 66,1%.
Бүгінгі күні облыста 5652 білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленеді. 3 ПМПК және 13 түзеу кабинеттері қызмет етеді.
2018 жылы «Бақытты бала» жобасы аясында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған облыстық арнайы балабақша, қала сыртындағы сауықтыру лагері және 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 1 ПМПК ашылды.
Л.А. Уразбаева үш ауысымда оқыту мәселесіне қатысты көрсеткіштің орындалмағаның атап кетті. 2018 жылы облыста 21 мектеп үш ауысымда жұмыс жасайды. Облыс бойынша 26 салынып жатқан мектептер 14 үш ауысыммен, 2 апатты, 2 орын тапшылығымен және 8 ескі мектептің мәселесін шешілуі жоспарлануда.
Депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.