Материалдар

Баспасөз хабарламасы

0308182018 жылғы 3 тамызда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«Облыстың аудандарында жаппай кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту бойынша шаралары туралы» мәселесі бойынша облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Нұрлыбекқызы Даржанова хабарлама жасады. Ол облыстың іскерлік белсенділігін жақсарту мақсатында «Бизнестің жол картасы -2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары» шеңберінде мемлекеттік қолдау құралдарын белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанның айтты.
«Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша жыл сайынғы «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру шеңберінде аудандарға шығу арқылы семинар-кеңестер, тренингтер және мастер-класстар ұйымдастырылды. Осы жылдың басынан бастап облыстың 7 ауданына (Мұғалжар, Темір, Алға, Байғанин, Шалқар, Мәртөк және Хромтау аудандарында 20-дан астам ауылдық округтерге, сондай-ақ Ақтөбе қаласынан 5 қалалық елді мекендеріне) шығу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы алғанда, 6400-ден астам адамға кәсіпкерлікті қолдау құралдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандарға шығу кезінде 170-тен астам адам нақты көмек алды.
Облыстың аудандарында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды арттыру мақсатында шағын несиелендіру ШОК қаржыландыру түрінде қолдау шаралары күшейтілуде.
Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын» іске асыру үшін жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар үшін – 4,9 млрд.тг. қарастырылды.
Елбасымыздың шағын несиелендіруді көбейту жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында 475 жобадан кем емес шағын несие мен 20 жобадан кем емес кепілдендіру және де жобамен 550 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.
Аудандарда бұл бағдарламаны іске асырушы - Ауыл шаруашылық басқармасы болып табылады, ал операторы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры және Аграрлық несие корпорациясы.
Аталған бағдарлама аясында ШОБ 176 жобасы қолдауды алды.
А.Н. Даржанова «БЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде ЕДБ несие мөлшерлемесін субсидиялау құралдары бойынша бюджет тапшылығы кәсіпкерлер арасында наразылық қалыптастыратынын айтты. Өйткені ол арзан несие алудың жалғыз механизмі болып табылады.
Мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Комиссия отырысында облыстық мәслихаттың «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы мамандарға 25 пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді және басқа да мәселелер қарастырылды.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.

***
Дәл осы күні, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» және «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
Аталған мәселелер облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының отырыснда қаралады.