Материалдар

Баспасөз хабарламасы

2607182018 жылғы 19 шілдеде, №28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру Қағидаларының орындалу барысы туралы» мәселесі бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуандық Жақсылықұлы Қасымов және Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметі бөлімнің басшысы Мақсат Саматұлы Шляшев хабарлама жасады.
Қ.Ж. Қасымов шағын және орта бизнес объектілеріне іргелес аумақтарында абаттандыру және көгалдандыру Қағидаларының сақаталуы, ғимараттартың сыртын және әртүрлі ақпараттық, жарнамалық белгілерді ұқыпты ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінің айтты.
Қала және санитарлық аумақта жапырақты көшеттерді, қылқан жапырақты ағаштарды, бұталарды және гүлзарларды отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Мамыр айынан бастап жасыл желектерді жапырақ кеміргіштерден қорғау мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары, дератизациялау, масалардың және кенелердің санын азауйту мақсатында аталған жәндіктердің көп шоғырланатын жерлеріне екі мәрте дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Одан басқа Қ.Ж. Қасымов скверлерді, ескерткіштерді көркейту, суару ұңғымаларын, сауғарларды орнату, жаяу жүргінші жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру жұмыстарына, су тасқынына қарсы іс-шараларға және т.б. тоқтап, толық баяндады.
Жергілікті полиция қызметі бөлімнің басшысы М. С. Шляшевтың айтуынша аумақтарда жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында, профилактикалық сипатта, сонымен қатар аталған заң қағидаларын бұзған құқықбұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері аталған қағиданы бұзғаны үшін учаскелік полиция инспекторларымен 4808 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 51 құқық бұзушыға айыппұл салынып, 4757 ескерту салынды.
Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1752 жануарлар иелері тартылды, жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін-81 құқықбұзушы.
«Ұсақ бұзақылық оның ішінде қоқыс тастау» бабы бойыншы жыл басынан бері 3284 құқықбұзушылық анықталды.
«Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселесі бойынша энергетика жән тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Серікұлы Аманов хабарлады. Ол ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жоғарыда аталған Қағидаға өзгерту енгізу қажеттігі туралы айтты.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.