Материалдар

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясының баспасөз хабарламасы

2706182018 жылғы 27 маусымда облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының жалпы отырысы №17 Алға сайлау округінен депутат Ғалымжан Мұхтарұлы Латыповтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекенов қатысты.
Күн тәртібіндегі Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәселе бойынша облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова хабарлама жасады. Сағат Енсегенұлының, Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы ретіндегі бесжылдық өкілеттік мерзімі 2018 жылғы 1 шілдеде аяқталады.

 

Осыған орай Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы етіп Сағат Енсегенұлын тағайындау туралы, Қазақстан Республикасының Есеп комитетінің ұсынымы, сондай-ақ аталған кандидатураны тағайындауға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі жөнінде облыстық мәслихатқа хат түскенің айтты.
«Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» мәселесі бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Тұрарұлы Сыдықов хабарлама жасады.
Н.Т. Сыдықов МЖӘ жобасы бойынша Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 жаңа тұрғын үй кешенінде орналасатын теннис корты құрылысы ұсынылып отырғаның айтты. Олар келесідей қызмет түрлерін ұсынады:
• теннис бойынша спорт мектебін құру;
• теннис бойынша спорттық жарыстарды ұйымдастыру;
• дене шынықтыру және спорт басқармасының ұсынған ақысыз топтарда жыл сайын теннис сабақтарын өткізу.
МЖӘ жобасының бизнес-жоспарын «Бонус Корпорэйшн» ЖШС әзірледі, ол біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша іріктеуден өтті.
Сонымен қатар сессияда Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №365 «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы және «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы мәселелер қаралып, №10 Абай сайлау округінен депутат А.А.Айтжановтың «Ақтөбе қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы И.М. Кузбаевқа депутаттық сауалы жария етілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сессия тиісті шешімдер қабылдады.
***
2018 жылғы 27 маусымда «Депутаттарды құқықтық оқытуы» өтті.
Отырысқы облыстық мәслихаттың депутаттары және аудан мәслихаттарының хатшылары қатысты.
«Салық заңнамасының мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын түсіндіру» тақырыбында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айбек Минаимбекұлы Паяев хабарлама жасады.
Салық заңнамасына енгізілген өзгертулер:
1.Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салық мөлшері:
2018 жылдың 1 қаңтарынан – 9,5 пайыз;
2025 жылдың 1 қаңтарынан – 11 пайыз.
Есептік салық кезеңінде табыс таппаған салықтөлеушілер әлеметтік салығын төлеу міндетті емес.
Патент негізінде,шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолданатындар, тірек-қимыл аппараты бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды.
2.Тіркелген салық. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген салық жойылады.
3.Бақылау касса машиналарын қолдану. 01.01.2018 жылдан бастап модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады. Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.
Сонымен қатар шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдеріне, акциздерге, ойын бизнесі салығына, электрондық сауда жасау бойынша ұсынылатын жеңілдіктерге өзгертулер енгізілді.