Материалдар

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы Қобда ауданында өтті

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы 2018 жылдың 6 сәуірінде Қобда ауданында өтті.
Депутаттар Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, «Ерасыл-Н» мүгедектерді қолдау орталығында, әлеуметтік бағдарламалар аясында шағын несие алған мекемелерде, Қобда гимназиясында болып, Қобыланды батыр мен Исатай Таймановтың ескерткіштеріне барды. «Мәңгілік ел» және «Отан ана» саябақтарына көшеттер отырғызды. Мамандарды қайта даярлау курстарына жолданған өз-өзін қамтитын азаматтармен Қобда көпсалалы колледжінде кездесу өткізді.

Сонымен қатар, депутаттар «Бақытты бала» жобасы аясында жетім балаларға арналып ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, сыйлықтар табыс етті.