Материалдар

2017 жылғы 6 желтоқсанда облыстық мәслихатта,депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалардың басшылары қатысты.«Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселе бойынша Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев хабарлама жасады. Сонымен қатар «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» мәселе қаралды.