Материалдар

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова «Д.А.Р.» волонтерлер клубының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға қатысты

«Д.А.Р.» волонтерлер клубы 2007 жылғы 5 желтоқсанда «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» ҚБ жанында құрылған.

Сәния Мұсақызы барлық волонтерлерді мерей тойларымен және Халықаралық еріктілер күнімен шын жүректен құттықтап, өмірдің жарқын да шуақты болуына талпынысы, риясыз көмегі мен мейірімді істері үшін Құралай Базарбайқызы Байменова мен белсенді волонтер-Абзал Жәкенді Алғыс хаттармен марапаттады.