Материалдар

Облыстық мәслихат депутаттарының, облыстық басқармалар және департамент басшыларының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

 

Облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы 2017 жылғы 08 желтоқсанда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

 

 

 

К ү н   т ә р т і б і:

 

1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

 

            2. «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

            3. Ақтөбе облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы.

             Хабарламашы:           О.М.Смағұлов - экономика және бюджеттік

                                               жоспарлау басқармасының басшысы

           

4. «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

           Хабарламашы: І.С.Испанов – Ақтөбе қаласының әкімі    

           

5. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыстары туралы есептер.

6. Басқа да мәселелер.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2017 жылғы 08 желтоқсанда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы
С.Қалдығұлова