Материалдар

2017 жылғы 28 маусымда Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті

Сайлау бюллетеніне 2 кандидат - Ә.Ш.Ділжанов және М.С.Жұмағазиев енгізілді.
Сайлауға 194 таңдаушының 190-ы қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауды бақылауға 28 бақылаушы қатысты: 4 саяси партиялардың филиалдарының (Нұр Отан, Ауыл, Ақжол, ҚКХП), 11 қоғамдық бірлестіктердің, кандидаттардың 2 сенім білдірілген өкілдері, БАҚ 10 өкіл қатысты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің миссиясынан халықаралық бақылаушы - Малюгина Ирина Николаевна қатысты.
Сайлау қорытындысы бойынша М.С.Жұмағазиев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.