• 130919-2

    2019 жылғы 12 қыркүйекте облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 130919

    2019 жылғы 6 қыркүйекте облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті

  • Послание Президента

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек

  • 37 сессия

    2019 жылғы 2 тамызда облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 36 сессия

    Сәрсенбі, 17 шілде күні облыстық мәслихаттың сессиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 35 сессия

    2019 жылғы 4 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

ООблыстық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясы 2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 09.30-да (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы.

Хабарламашы: Н.Ж.Иманалин – құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

2. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

3. Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.

Хабарламашы: Ж.Н.Қалмағанбетов – Темір ауданының әкімі

4. Басқа сұрақтар.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 09.30-да мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

 

Облыстық мәслихаттың хатшысы

С.Қалдығұлова