Өкім №9 17.02.2021 ж.

Облыстық мәслихат аппаратының Б корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары туралы "Облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы 23 тамыздағы №46 өкіміне өзгерістер енгізу туралы»

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңының 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2020 жылы 10 қаңтарда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне №19865 болып енгiзiлген, ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №3 бұйрығына сәйкес:

1. Облыстық мәслихат аппаратының Б корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары туралы "Облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы 23 тамыздағы №46 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін»:
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының D-2 "Аппарат басшысының орынбасары" санатына қойылатын біліктілік талаптары осы өкімнің қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы өкім 2021 жылғы 25 ақпаннан бастап күшіне енеді.

А.Нугманов

«Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» ММ
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

Аппарат басшысының орынбасары
D-2, 1 бірлік

Көрсеткіштер

Талаптар

Білімі мен мамандығы бойынша талаптары

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік   лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Жоғары білім, бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік басқару), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер).

Қажетті құзіреттер бойынша талаптары

«Б» корпусы мемлекеттік   әкімшілік лауазымдарының санаттарына   үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптары

«Б» корпусы мемлекеттік   әкімшілік лауазымдарының санаттарына   үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Ақпаратты талдау, жинақтау және жүйелеу, жоспарларды, есептерді, анықтамаларды және басқа құжаттарды дайындау. Қараудағы құжат айналымын бақылау, басшылықтың қатысуымен аппараттық кеңестерді дайындау, шағымдармен және өтініштермен жұмыс. Облыстық мәслихат хатшысының азаматтарды жеке қабылдауын өткізу бойынша жұмысты бақылау. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру және ақпаратты дайындау мен өңдеудің қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық кешендерін қолдану. Цифрлық инфрақұрылымды (Жабдықты) құру, қолдау және дамыту. Цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жаңа технологияларды, бағдарламалық өнімдерді және дерекқорларды енгізу бөлігінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

     Жалпы бақылауды жүзеге асыру:

     1)материалдарды облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде орналастырумен қамтамасыз етілуін.

     2) облыстық мәслихат хатшысы мен депутаттардың баспасөз конференцияларын, брифингтерін, дөңгелек үстелдері мен кездесулерін ұйымдастыру, дайындау және өткізілуін.

   3) пленарлық отырыстардың онлайн-трансляциясын өткізуді.

   Облыстық мәслихат депутаттарына депутаттық міндеттерді жүзеге асыруда практикалық және әдістемелік көмек көрсету және аппаратта мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету.