Ақтөбе облысының облыстық мәслихат депутаты Ахмет Айдар Жеңісұлының Мұғалжар ауданының көлемінде ұйымдастырған демеушілік іс-шаралары

Елбасының  тапсырысы бойынша соңғы жылдары  Қазақстанның түкпір – түкпірінде «Жасыл ел» акциялары жүргізіліп отыр, бұл іс-шараның басты мақсаты  туған  жерімізді, елімізді  жасыл желекті өлкеге айналдыру, көгалдандыру, гүлдендіру.
Осы ретте,  Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында да қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және елді мекендерді жайландыру, көгалдандыру іс –шараларына орасан зор  көңіл бөлініп отыр.
Мұғалжар ауданы Ақтөбе облысының ең ірі аудандарының бірі. Аудан өңірінде  бірқатар өндірістік кәсіпорындар  орналасқан, осыған орай экологиялық мәселелер де жеткілікті.

Ақтөбе облысының әкімшілігі және облыстық мәслихат депутаттары өңірдің  экологиялық мәселесін  өздерінің назарларынан тыс қалдырмай,  үнемі бақылап, қадағалап отыр. Атап айтатын болсақ Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты  А.Ж.Ахметтің  Мұғалжар ауданын  абаттандыру,  ауданның елді мекендерін  гүлдендіру  және  көгалдандыру жұмыстарына сіңірген еңбегі  бүгінгі  таңда өз нәтижелерін беріп келеді.