Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық тарихи - өлкетану мұражай қорына киіз үй жәдігерін тапсыру рәсімі

Мұғалжар ауданының  Қандыағаш қаласында жыл сайын  1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі  тойланып отырады. Биылғы жылы аталмыш мерекені тойлау қарсаңында, облыстық мәслихат депутаты Айдар Жеңісұлы Ахмет мырза   аудандық тарихи - өлкетану мұражайының қорына аса құнды  киіз үй жәдігерін сыйға тартты, киіз үйдің іші толық жасақталып, ұлттық бұйымдармен безендірілген.
Тамыры тереңге тараған ежелгі  қазақ  халықының мәңгілік баға жетпес   мәдениетінің   бірі – киелі киіз үй,  сәулет өнері мен  құрылыстың,  қолөнер мен зергерліктің және тағы да басқа  қазақ халқының  шеберлік өнерлерінің   басын құрайтын ғажайып туындысы. Бұл құнды жәдігер алдағы уақытта Мұғалжар  ауданына келген қонақтардың және аудан тұрғындарының  көздерін  қуантатын, сонымен қатар  өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа қазақ халқының  салт –дәстүрі мен  мәдениетін таныстыруға қажетті баға жетпес құнды  жәдігер екені сөзсіз белгілі. Ауданның өлкетану  мұражайының  қорына  сыйға тартылған киіз үй жәдігері   № 3936 болып тіркелді.

Киіз үйді салтанатты түрде сыйға тарту рәсіміне қатысқан  Мұғалжар аудандық  мәслихаттың  хатшысы С.Салықбаев, аудан әкімінің орынбасары Н.Аққұл және  қала әкімі А.Манепов «Октябрьмұнай» мұнай  газ өндіру басқармасының басшысы Айдар Жеңісұлы Ахмет мырзаға және  мекеме ұжымына өздерінің алғыстарын білдірді.