Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Ахмет Айдар Жеңісұлының 1-маусым «балаларды қорғау күніне» байланысты көрсеткен демеушілік көмегі

Бүгінгі таңда әлеуметтік жағынан толық қамтылмаған, тұрмыс - тіршілігі төмен отбастарында тәрбиеленіп отырған балаларға көмек көрсету әрбір адамның   азаматтық парызы,   борышы.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағын қалыптастыратын бүгінгі бүлдіршіндердің ең сүйікті мерекесі, 1-Маусым,    «Балаларды қорғау күніне» байланысты  Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты  Ахмет Айдар Жеңісұлы  өз тарапынан демеушілік көмек көрсетті.

Үстіміздегі жылы «Балаларды қорғау күнінің қарсаңында» Мұғалжар ауданының аз қамтылған отбастарында тәрбиеленетін балаларды бір қуантып,  жазғы сауықтыру лагеріне   29 жолдама сыйлады. Атап айтатын болсақ: Тамды ауылынан – 4 бала, Еңбек ауылдық округінен- 5 бала, Бірлік ауылынан – 5 бала, Ақкемер ауылынан -5 бала, Мұғалжар ауылынан – 3 бала, Орқаш ауылынан -3 бала, Батпақтыкөл ауылынан -4 бала,  биылғы жазғы  каникулда сауықтыру лагерінде демалуға мүмкіндік алып отыр. Жазғы сауықтыру лагеріне арналған 1 жолдаманың құны – 42 664 теңге тұрады. Сонымен қатар 1- маусым күні  Қандыағаш қаласының 5 көп балалы отбасына құнды сыйлықтар таратылды.
Отбасында мүгедек балалар тәрбиеленетін бірнеше отбасына 15мың теңге көлемінде ақшалай көмек берілді.
Мұғалжар қаласындағы «Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіндеріне мереке қарсаңында оқу құралдары және ойыншықтар сыйға тартылды.