Щегельский на сайт
Щегельский Всеволод Анатольевич
№5 Берсиев сайлау округінен депутат

Өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

 

«КТП» ЖШС бас директоры.

 

1973 жылы 11 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары, мамандығы «Экономика және менеджмент». Неміс және орыс тілдерін меңгерген. Ұлты - неміс.
Қызмет жолы:
1993ж. «Ленто» Бірлескен Кәсіпорнының Ресей-Канадалық Ақтөбе филиалының тауартанушысы.
1995-1997жж. «Ленто» ЖШС-ніңатқарушы директоры.
1997-1999жж. «Казахстантрубопром» ЖШС-ніңдиректорлардың орынбасары.
1999ж. бастап «Кедентранссервис» РМК Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер министрлігінің директоры.
1999-2000жж. «Казахстантрубопром» ЖШС-нің директорының бірінші орынбасары.
2000-2002жж. Ақтөбелік шампан шараптары заводының қаржы директоры.
2002-2004жж. «Отан» Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестіктің Ақтөбелік филиалының төрағасы.
2002-2006жж. «КТП» ЖШС-нің директоры.
2002-2004жж. Республикалық «Отан» партиясының мүшесі.
2003-2007жж. Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаты.
2003-2010жж. «Инвесторпром Лизинг» ЖШС-ніңдиректоры.
2010-2011жж. «КТП» ЖШС-ніңбас директоры.
2011-2013жж. дейін Батыс Қазақстан аймақтық қылмысқа қарсы күресұйымы қорының негізін қалаушы, ұйымдастырушысы.
2012-2016ж.ж. V сайлау округі бойынша Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың аймақтық және салалық даму бойынша комиссиясының тұрақты мүшесі.
2012-2014жж. темір жол ауруханасы мен емханаларда денсаулықты сақтау қызметінің сапалы жүргізілуін қадағалау үшін партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.
2013ж. бастап қазіргі уақытқа дейін «КТП» ЖШС-ніңбас директорының кеңесшісі.
Марапаттаулар:
-2005 ж.Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында «Ең үздік бизнесмен» грамотасы.
-2005 ж. «Нұр Отан» саяси-демократиялық партиясының 10 жылдығына байланысты Құрмет грамотасы.
-2006 ж. Республикалық «Отан» партиясының Саяси кеңесінің «Партияның құрылғанына 7 жыл толуына» арналған грамотасы.
-2006 ж. «Белсенді қызметі үшін» медалі.
-2006ж. «ҚР Парламентіне 10жыл» мерейтойлық медалі.
-2009ж. «Алтын белгі» иегері.
-2011ж. «Құрмет» ордені.
-2011ж. «ҚР Тәуелсіздігіне 20жыл» Алғыс хат.
-2015ж. Мәскеу Патриархы Әулие Владимир және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің 1000 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталды.
«Инновациялық экономика» бағыты бойынша партиялық куратор.
«Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрастуктуралық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы бойынша ҚР Ұлттық қорынан бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын қадағалайтын Ақтөбе облыстық «Нұр Отан» партиялық фракциясының жанынан құрылған бақылау комиссиясының төрағасы.
2016 жылғы 20 наурызда №5 Берсиев сайлау округі бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
«Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Индустриалды даму» бағыты бойынша комиссия кураторы.
Үйленген, 2 баланың әкесі.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30