Оралмагамбет на сайт
Оралмағамбетов Ақылбек Тілеулесұлы
№30 Шалқар қалалық сайлау округінен депутат

Оралмағанбетов Ақылбек Тлеулесұлы 20 маусым 1965 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Талдықум аулында дүниеге келген.
1982 жылы Шалқар қаласындағы Үргенішбаев атындағы № 40 орта мектебін бітірген.
1982-1983 жылдары Шалқар локомотив жөндеу депосында слесарь болып жұмыс істеген.
1983-1985 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында қызметте болған.
1985 жылда Алматы халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп сол институтты 1990 жылы бітіріп, жоғары білімді экономист деген мамандығын алып шыққан.
1990 жылы мен 1992 жылдары Муғалжар ауданының тұтынушылар одағының экономист, бас ревизор болып қызмет істеген.
1992-1993 жылдары Муғалжар ауданының қаржы бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет істеген.
1993 жылы Шалқар ауданының жігіттері болып «Қоныс» фирмасын құрып, сол фирмада коммерциялық директоры болған.
1997-1998 жылдары «Бек-ЛТД» ЖШС басшысы, 1998 жылы темір жол саласына жұмысқа кетіп, темір жолда сол жылы РМК «Қазақстан темір жолы» Батыс аймағы бойынша жүк тасымалдау бөлімінің орынбасары, келесі жылы РМК «Қазақстан темір жолы» Батыс аймағындағы еншілес мекемесі «КазТрансСервис» директоры болып 2001 жылға дейін қызмет жасады.
Ал 2001 жыл РМК «ҚТЖ» еншілес мекемесі «Кедентранссервис» АҚ Батыс аймағының директоры болып 2004 жылға дейін қызмет жасаған.
2004 жылы мен 2010 жыл арасында «Батыс Транс Терминал» ЖШС мекеме ашып сонда бас директоры болған.
2010 жылы мені «Кедентранссервис» АҚ басшылары қайтадан жұмысқа шақырып тағы бір жылдай «Кедентранссервис» АҚ атқарушы директор қызметінде болдған.
2011 жылдан кезінде өзі ұйымдастырған «Батыс Транс Терминал» ЖШС мекемесінде бас директоры болып елге қызмет жасап етуде.
Марапаттар және еңбек қызметі үшін көтермелеу: «Адал Еңбегі үшін» төске тағатын белгі; «Қазақстан Темір Жолына 100 Жыл» мерейтойлық медалі; «Қазақстан Темір Жолы» Президентінің және Ақтөбе қаласының әкімінің алғыс хаттары;Шалқар ауданының «Жыл адамы-2015» атағы.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30