Төлегенова Апуажан
№14 Шайкенов сайлау округінен депутат

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры.
А.Тулегенова 1959 жылдың 11 қазанында дүниеге келген.
Ақтөбе қаласындағы №16 орта мектепті бітірген соң, еңбек жолын Ақтөбе тоқыма фабрикасында бастаған.
1977 жылы Алматы есептеу-несие техникумына түсіп, 1979 жылы бітіргеннен кейін Мемлекеттік Банктің қалалық басқармасына экономист болып жұмысқа қабылданды.
1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
1992 жылы Мәскеу қаржы институтын тәмамдаған.
2009 жылы Халықаралық бизнес университетін аяқтаған.
Жалпы жұмыс тәжірибесі 39 жыл, соның ішінде басшылық қызметте 25 жыл.
2004 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры, бүгінгі күнге дейін құрамында 500 адам еңбек етіп жатқан ұжымды басқарып келеді. Ақтөбе облысының 13 ауданында банктің филиалдары бар.
А.Тулегенованың басшылығымен қаржылық мекеме, клиенттерінің сеніміне ие болған банк филиалдарының біріне айналды.
2007 жылдың жылдық жұмыс қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Банк Басқармасы кәсіби жетістіктері үшін «Үздік Филиал директоры» етіп таңдады.
Әлеуметтік іс-шараларға қатысуы:
2005 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі.
2015 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.
Марапаттары:
2001 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталды.
2011 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталды.
2013 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен марапатталды.
2013 ж. «Үздік Банкир» қоғамдық медалімен марапатталды.
2013 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Теңгегe 20 жыл мерекелік медалімен» марапатталды.
2014 ж. Қазақстан Республикасы мәслихатының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталды.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30