Изимбетов на сайт
Ізимбетов Сәлім Амирадинұлы
№23 Жұрын сайлау округінен депутат

 

Изимбетов Салим Амирадинович 1956 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Қызылсу ауылында туған.
1976-1978 жылдары Отан алдындағы борышын өтеген.
С.А. Изимбетов еңбек жолын 1978 жылы Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында бастаған, осы комбинатта ол 1994 жылға дейін учаске бастығы, цех бастығы, материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының бастығы секілді қызмет сатыларынан өтеді.
1978 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық политехникалық институтқа оқуға түсіп, оны 1986 жылы аяқтайды.
1994 – 1997 Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратында көлік, сауда және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1997 ж. қаңтары – сәуірі аралығында - «Троллейбус паркі» ААҚ президенті; 1997 – 2003 ж.ж. – «Трансэнерго» ААҚ директорының орынбасары; 2003 - 2004 жылдары - «Арнаулыавтокөлік» АҚ президенті; 2004 - 2006 жылдары - «Шаруашылық» МКК директоры.
2006 жылдан бері осы күнге дейін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ында қызмет етеді, осы Компанияда ол әр жылдары әкімшілік жетекшісі, Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді. 2013 жылы аппарат басшысы лауазымына ауыстырылды. С.А Изимбетовтың тікелей қатысуымен әлеуметтік сипаттағы жұмыстарды ұйымдастыру мен бақылау, Компания мақсаттары мен стратегиясына сәйкес мақсатты бағдарламалар мен әлеуметтік даму жоспарларын әзірлеу мен орындау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 10 және 20 жылдығына орай медальдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Еңбек ерлiгi үшiн» медалімен марапатталған.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31