Салфиков на сайт
Салфиков Талғат Маратұлы
№27 Ойыл сайлау округінен депутат

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

 

Т.М.Салфиков 1962 жылдың 1 қарашасында Ақтөбе обылысының Ойыл ауданында дүниеге келген.
1981 жылы Семей қаласындағы жүн-тері техникумына түсіп, 1983 жылы тауартанушы мамандығын игерген.
Техникумды бітірген соң ПОШ Ақтөбе көтерме қоймасы базасында тауартанушы-тапсырушы, Қазтұтынушылар Одағы тапсырушылар тобының басшысы болып жұмыс жасаған.
1990 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
1993 жылдан бері «АНВАР» ЖШС бас директоры.
Мемлекеттік награда - «Құрмет» орденімен (2009 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.) мерекелік медальдарымен және ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2007 ж.), «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2017 ж.) марапатталған.
2004 жылы «Ақтөбе облысының жыл адамы» атағы берілген.
Ақтөбе облыстық мәслихатының V, VI шақырылымдарының депутаты.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30