Садыков на сайт
Садықов Асқар Аманбайұлы
№ 12 ауылшаруашылық округі

Садықов Асқар Аманбайұлы 1969 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 1987 жылы Шалқар ауданында орта мектепті бітірген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1992 жылы Орынбор қаласында «Орынбор монтаж зауытының» ҚМБ-1 тресінде монтажшы қызметінен бастаған.
Білімі жоғары, Мемлекеттік Техникалық Университеттің «Инженер-механик» мамандығы (1995ж), Қазақстан Мемлекеттік Заң Университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша (2000ж) бітірді.
2013 жылдың маусым айынан «Ақ жол» ҚДП-ның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы. Жеке кәсіпкер. Ақтөбе облыстық мәслихатының V-VI шақырылымдарының депутаты. Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Үйленген, 6 бала тәрбиелеп отыр.
Наградалары: «Құрмет»ордені(Астана,2011ж.), «Қазақстан Республикасының 20 жылдығы» мерейтойлық медалі, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж). III дәрежелі «Атамекен» медалі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің және Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының Алғыс хаттары.
«Алтын Сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сертификатының иегері.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28