Есиркепов на сайт
Есіркепов Амангельді Қабашұлы
№22 Мәртөк сайлау округінен депутат

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Есіркепов Аманкелді Қабашұлы 1954 жылы 25 қаңтарда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дүниеге келген.
1981 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік институтын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.
А.Қ.Есіркепов көп жылдар білім саласында еңбек етіп, мұғалім, тәрбиеші, мектеп директоры, маман, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, Ақтөбе облысының білім басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1985 жылдан партиялық жұмыста, нұсқаушы, Ақтөбе облыстық партия комитетінің идеологиялық бөлімінің меңгерушісі болды.
1996 жылдан бастап 2004 жылға дейін Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында – қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2004 жылы облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды, 2004 жылғы 28 қыркүйекте Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2007 жылғы 25 маусымнан 2009 жылғы қазанға дейін төртінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың хатшысы.
2012 жылдын қарашасынан бастап Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.
«Құрмет» (2005 ж.), «Парасат» (2016 ж.) ордендерінің иегері. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.) мерейтойлық медальдермен, Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының «Қайырымдылық ісі үшін» Құрметті төсбелгісімен (2006 ж.) марапатталған.

 

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30